Қазақша өлең: Иса Байзақов (Заманымда)
(«Құрбым жай» әнімен)
Түрлентемін ән шырқап заманымда,
Минут сайын алға өрлеп тұрғанымда
Жаңа тұрмыс, жаңа өмір аясында
Өлеңдетіп шаттанбай қаламын ба.
Ән шырқасаң күй түсер жүрегіңе,
Сол минутта жеткендей тілегіңе,
Әсері бар сұлу үн жүз толқыса,
Айырбасқа миллион сом керегі не.
1929 ж.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: