Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қызыл флот)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қызыл флот)

(«Заман-ай» әнімен)

Теңбіл аспан төгіліп дарияға,
Сәуле шашып көк жібек қонды ұяға.
Көк теңіздің көсілген қиыры жоқ,
Жатыр шалқып көз жетпес бір қияда.

Қайырмасы:
Кемелері советтің,
Сол теңізде күзетте,
Қызыл ері флоттың
Жуытпайды бұл бетке.

Кемелердің екпіні тіліп суды,
Желбірете көтеріп қызыл туды,
Қыстауы мен жайлауы Қара теңіз
Айбынды Отаны бар аты шулы.

Қайырмасы.

Ерлеріме қырағы, қайраты мол
Көк теңіздің асты-үсті барлығы жол.
Қызыл әскер шығарад күл-талқанын,
Отаныма жау егер сермесе қол.

Қайырмасы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
иса байзаков Қызыл флот туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Қызыл флот

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]