Қазақша өлең: Иса Байзақов (Ақ дариға)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Ақ дариға)

Оқысаң өнер-білім қайнап тұрған,
Айнала алтын сәуле жайнап тұрған,
Жасырын жаратылыс сырын шешіп,
Жол ашық, төрт құбылаң сайрап тұрған.
Бауырлас барлық ұлттың балалары,
Даналық, социалистік алған нәрі,
Адымы күн-күн сайын алға өрлейді,
Күннен де жарық дейді жердің шары.
Алдыңнан сәулелі нұр төгіледі,
Миуа ағаш мың түрленіп егіледі,
Тұрмысқа социалистік жеткен үшін,
Машина ат орнына жегіледі.

Мінеки біздің бақша гүл жамылған,
Бұлбұлы бұта сайын әнге салған.
Алма ағаш, өрік, мейіз бәрі осында
Толықсып мәуелері пісіп тұрған.
Мөлдір су тастан орғып, таудан құлап,
Бұралып бақша сайын аққан бұлақ,
Бағамын әр бақшамды алтындай ғып,
Миуалы бақ қойнында біздің тұрақ.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
иса байзаков Ақ дариға туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Ақ дариға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]