Қазақша өлең: Иса Байзақов (Миллондаған жалшымыз)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Миллондаған жалшымыз)

Еркін күшпен өрлеймін,
Өмірім ұзақ, өлмеймін.
Міне, мен жалшы тілімін,
Жарлы жанын жырлайтын,
Қажымайтын, талмайтын,
Еңбекші таптың ұлымын.
Менің жаным күйлі жан,
Күңіренген күйден жаралған,
Төгілген жастан миллион жыл
Күң мен құлдың шерінен,
Қанды-қайғы сөлінен,
Мен туғамын, соны біл!
Аналарым күң болып,
Балаларым күл болып,
Тепкісінде езілген.
Байлар ұрып-соққанда,
Бақайшағын шаққанда,
Көлдей жасы төгілген.
Байдың сұмы ерігіп,
Айуандай боп желігіп,
Ойын қылған өлімді,
Құлды құлға сойдырып,
Қарнын қанға тойдырып,
Көрдей қылған көңілді.
Аналарым күңіренген,
Жасын сыққан, еңіреген,
Бай қиянат қылғанда,
Жүректерін жаралап,
Тәнін, жанын аралап,
Улы найза салғанда.
Жалшының жеп еңбегін,
Суырып сорып жүрегін,
Бай білгенін істеген.
Қылдан тайса атуға,
He кескілеп шабуға,
Жарлыны жаншып, күштеген
Ашындым, енді ашындым,
Өрісім өсті, ашылдым,
Дұспанымды білемін;
Құлдың қанын май қылған,
Өзін сөйтіп бай қылған,
Байларға тап-тап беремін.
Күнәсіз құлдың қанынан,
Қанды, жасты зарынан,
Ояндың дүние жалшысы,
Тегісшілдік тұрмыстың,
Ұлы мақсат өрістің,
Қаһарманы басшысы.
Қашқын-пысқын жалданып,
Байға ақшаға малданып,
Құтыртса Қытай бұзығын,
Жандаралы басшы боп,
Қорқаулары қосшы боп,
Жасаса қанды тұздығын.
Қалың Қытай елінде,
Аспан асқан жерінде
Мың-мыңдаған еңбекші,
Отанын байлар шаңдатса,
Кеңеске қарсы оң атса,
Жазасын жаудың бермекші.
Батыс пенен шығыста,
Жақын менен алыста,
Тілектес боп Кеңеске,
Жер жүзінің жарлысы,
Ақ пейілі, арлысы,
Серт етед жауға бермеске.
Еңбекші таптың тілегі,
Кеңесі ғана тірегі,
Өркендейді, өрлейді.
Құмар емес соғысқа,
Қан төгіске, жұлысқа,
Зорлыққа тағы көнбейді.
Асауларын билеткен,
Еңбек әнін күйлеткен,
Октябрьдің шырағы.
Жаны Кеңес жолында,
Көк найзасы қолында,
Қызыл әскер қырағы.
Кеңес елін қорғауға,
Нөсер жаусын, таймауға,
Серт етеді шетінен,
Мейлі сусыз шөл болсын,
Мейлі тау-тас, бел болсын,
Қайтпайды қажып бетінен.
Аспан оған жермен тең,
Жүйріктері желмен тең.
Су еркесі балықтай,
Алыс-жақын сөз емес,
Жалқау емес, ез емес,
Жалындайды жалықпай.
Бай бандысы қаптаса,
Оғын улап саптаса,
Кеңес елін алмаққа,
Қызыл әскер алдынан,
Жалпы еңбекші соңынан,
Бәрі әзір жауын қумаққа.
Ер жүректі, құрыш қол,
Ақиқатқа туған ол,
Тап тілегін сақтауға,
Еңбекшісін ерке ұстап,
Ленин жолын берік ұстап,
Міндетті Кеңес ақтауға.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
иса байзаков Миллондаған жалшымыз туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Миллондаған жалшымыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]