Қазақша өлең: Иса Байзақов (Ақанша)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Ақанша)

Ортекедей орғытып мінген атын,
Көрсе көзің тоймайды салтанатын.
Тамаша,
Шаттанбайсың қалайша.
Отанымның жауынгер жұлдыздары.
Жауға бермес ерлерім мақтанатын.

Қайырмасы:
Ылғи жүйрік тұлпар аттай.
Мінгендері құйылтып,
Зулағанда атқан оқтай,
Ерлентеді сүйінтіп.
Жалындат, ерлер, жалындат,
Отан берік, елің шат.

Жау ұмтылса отанға, ду қайнайтын,
Қызыл әскер қырағы еш таймайтын,
Тамаша,
Шаттанбайсың қалайша.
Күлін көкке ұшырып фашистердің
Қызыл әскер ерлерім бет қайтпайтын.

Қайырмасы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
иса байзаков Ақанша туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Ақанша, өлең, олен, стих

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]