Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қарашы, домбыраның еркесіне)
Қарашы домбыраның еркесіне,
Исаның шығып алды желкесіне,
Домбыра - екі ішекті, тоғыз перне,
Арқаның кез болдың ғой серкесіне.
Толқынды топшыменен қақ айырып,
Өлеңнің мен жүзейін өлкесіне.
Самғайын қанатымды жел үйіріп,
Қонғандай Оқжетпестің өркешіне.
Исаның шығып алды желкесіне,
Домбыра - екі ішекті, тоғыз перне,
Арқаның кез болдың ғой серкесіне.
Толқынды топшыменен қақ айырып,
Өлеңнің мен жүзейін өлкесіне.
Самғайын қанатымды жел үйіріп,
Қонғандай Оқжетпестің өркешіне.
Бұл өлең кейде жеке шумақ ретінде естеліктерде келтіріледі. Алайда әр естелікте сөздер өзгерістері бар. Жинаққа 1983 жылғы екі томдықтан алынды. Өйткені мәтіннің толық нұсқасы Жақан Сыздықов 1936 жылы ақынның өз аузынан жазып алынған деп есептеліп, Исаның бұрынғы жинақтарына енген.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: