Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Көкте бұлттар қансырап тұр)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Көкте бұлттар қансырап тұр)

Көкте бұлттар қансырап тұр,
Оқтар жыртып қорғасындай.
Тағы жаңбыр тамшылап тұр,
Сорғалаған көз жасындай.
Жатыр ұйықтап барлаушылар,
Разведкадан жаңа оралған.
Тағы да олар жауға шығар,
Тағы ұзатар жаралы орман.
Өтті өмірден байланысшы...
Жалғап сымды тістеп өліп.
Жатыр ма олар сол туралы,
Тірілтердей түстер көріп.
Түсті жайдың оғы келіп,
Балапандай тал шыбыққа.
Өртенеді екен өзен
Кім біліпті жайшылықта.
Кім көріпті судың жанып,
Қып-қызыл боп өртенгенін.
Кім көріпті шуыл қағып,
Емендердің ерте өлгенін.
Көкте бұлттар қансырап тұр,
Оқтар жыртып қорғасындай.
Тағы жаңбыр тамшылап тұр,
Сорғалаған көз жасындай.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Көкте бұлттар қансырап тұр өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Көкте бұлттар қансырап тұр

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]