Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жауыздық)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жауыздық)

Кішкентай ғана көгершін
Далада жатыр далиып.
Қара дақ етіп кеудесін,
Қалыпты қою қан ұйып.
Жұртта қалған кемпірге,
Болатын жалғыз ермек сол.
Жазықсыз құсты өлтірген,
Қатыгез неміс — жендет қол.
О, жауыз, неткен қатал ең,
Не жазды бұл құс сен үшін.
Қолыма түссең атар ем,
Сұрамай соттан келісім.
Япыр-ай, қайта ұшпай ма,
Өмірге еді бұл ынтық.
Дариға, менде күш қайда
Жіберер қайта тірілтіп?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Жауыздық өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Жауыздық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]