Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қара теңіз)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қара теңіз)

Қайран Қара теңіздің
Көп кешіп ем толқынын.
Теңіздей терең тебіренем
Есіме түссе сол күнім.
Терістіктен төнген бұлт,
Теңіз беті көк ала.
Қарауылдай мұнартып,
Қалатын жартас жағада.
Тулаған теңіз үстінде
Тітіркенбей денеміз.
Тартатынбыз қасқайып,
Қалтылдамай кемеміз.
Желкемі ойнап желменен
Қан майданға тартқан жол.
Көк болатты крейсер
Үйіміздей еді сол.
Жеңіс туы желпілдеп,
Жорықпен талай өтті күн.
Бурыл ала бұлтпенен
Ұласатын көк түтін.
Асау толқын, ағын су
Анамдай еді емізген.
Он жылдай ойнап төсінде,
Қоштастым Қара теңізбен.
Сұрапыл соғыс, сұр аспан
Сол күндер әлі ойымда.
Қаруымды алып інім тұр
Қара теңіз бойында.

1948
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Қара теңіз өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Қара теңіз, теңіз туралы өлеңдер, стихи на казахском языке про море

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]