Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Бір жұтым су)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Бір жұтым су)

Еске алу

Жарақат ауыр, жан тәтті,
«Жалтарам,— деді,— жастық шақ».
Айнала орап жан-жақты,
Айқара ашты от құшақ.
Қарайлап едім қасыма,
Қан жауыпты қар үстін.
Қауіп бір төнді басыма,
Қайтадан жерге жабыстым.
Жолдасым келді қайрылып,
Бір жұтым су тамызды.
Көңілді сол су жай қылып,
Көз шырымын алғызды.
Қайта тұрдым әлденіп,
Қасқая кірдім қамалға.
Тамшы судан нәрленіп,
Тайынбай тарттым тағы алға.
Жалауым қолдан түскен жоқ,
Жанымды жүрдім сынға сап.
Сол судай тәтті ішкем жоқ,
Келсем де талай жыл жасап.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Бір жұтым су өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Бір жұтым су, еске алу өлең жолдары, еске алу тілектер, еске алу создер, еске алу сөздері, әкені еске алу сөздері, ананы еске алу сөздері, досты еске алу сөздері, еске алу тілектері, воспоминания об отца на казахском языке, воспоминания на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]