Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қос терек)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қос терек)

Тереземнің алдында
Тербетілген қос терек.
Өсіргем жаз айында,
Өзіме тұр еркелеп.
Жас сұлудай жапырақ,
Көз тартады көркімен.
Жел соқса егер қалтырап,
Бетімді үрлеп желпіген...
Ұрпағыма сая боп,
Қалса артта еккенім.
Дермін сонда өмірге,
Босқа келіп, кетпедім
1947

Уылжып бесігінде тілсіз бөбек,
Былдырлап үн қатады әлде не деп.
Жырлайды басында оның бесік жырын,
Табиғат — ана сәби жанды әлдилеп
Жүзінен бір майда леп нұр төгіліп,
Көзінен күнәсіз жан тұр көрініп.
Дүниенің жаңа келген жас қонағы,
Он төртте туған айдай төңкеріліп.
Айтарын айтпады-ау деп тілі шығып,
Сөзіне ынтығасың сонда тұрып:
Бірақ та жүрегіңмен қуанасың,
Көзінен жаудыраған жанын ұғып.
1947

Ояныңдар махаббат, тәтті армандар,
Ояныңдар оба боп жатқан жандар,
Жайылыңдар қайтадан дос құшақтар,
Жалындаңдар қайтадан жастық шақтар!
Ашылыңдар қайтадан қара көздер,
Соғыста өшкен тұр сапқа дана сөздер!
Өшкен өмір аштықта, шөл тамызда,
Тіріліңдер қайта кеп ортамызға!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Қос терек өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Қос терек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]