Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жауынгер досқа)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жауынгер досқа)

Жер сілкінтіп, көк тербеп
Шүйілген жауға төбеден.
Карпат тауын бөктерлеп
Берлинге қарай жөнеген.
Жолың болсын, жолдасым,
Алған беттен аңырма.
Ойран етіп ордасың
Жауды бөле жалынға.
Берлин үстін бұлт торлап
Фашистерге болды сын.
Үңгіріне қос қолдап,
Таста ажал бомбасын.
Талқан боп өз жерінде,
Тартсын жауыз жазаны.
Қір орыспен Берлинге
Қостанайдың қазағы.

Майданға тудай шақырған,
Жанымен жаққан жалынды,
Аманкелді батырдан
Үйренгем атқа шабуды.
Жауына жайдай атылған
Қаны күндей қызулы,
Аманкелді батырдан
Үйренгем қамал бұзуды.
Қөсемдікті үйренгем
Көпті көрген қарттардан.
Шешендікті үйренгем
Өлеңдерден жатталған.

1945.Қостанай
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Жауынгер досқа өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Жауынгер досқа, 1945.Қостанай, досқа арналған өлең жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]