Қазақша өлең: Темірхан Медетбек (Базарға барғым келмейді + видео)

Шолпан, қинама! –
Сен, сенбе,
Сен мейлі.,
Менің базарға
Барғым келмейді.
Базардан не көрем! –
Қазақты көрем,
Қазақты көріп,
Азапты көрем;
Дорба сүйреткендер де
Қазағым.
Арба сүйреткендер де
Қазағым.
Құлап жатқандар да
Қазағым.
Жылап жатқандар да
Қазағым.
Сұрап жатқандар да
Қазағым...
Қазағым,
Қазағым,
Қазағым, –
Азабым!
Шолпан, қинама! –
Сен, сенбе,
Сен мейлі.,
Менің базарға
Барғым келмейді.
Қазақтың азабын,
Көргім келмейді.
Сен, сенбе,
Сен мейлі.,
Менің базарға
Барғым келмейді.
Базардан не көрем! –
Қазақты көрем,
Қазақты көріп,
Азапты көрем;
Дорба сүйреткендер де
Қазағым.
Арба сүйреткендер де
Қазағым.
Құлап жатқандар да
Қазағым.
Жылап жатқандар да
Қазағым.
Сұрап жатқандар да
Қазағым...
Қазағым,
Қазағым,
Қазағым, –
Азабым!
Шолпан, қинама! –
Сен, сенбе,
Сен мейлі.,
Менің базарға
Барғым келмейді.
Қазақтың азабын,
Көргім келмейді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: