Қазақша өлең: Темірхан Медетбек (Тұтас бір әлем едің)

Қазақша өлең: Темірхан Медетбек (Тұтас бір әлем едің)

Қайран Әбеке!
Алтай мен Алатаудай
Биік едің,
Сарыарқадай кең едің,
Маңғыстаудай бөлек едің,
Атыраудай терең едің.
Шетсіз-шексіз
Тұтас бір әлем едің.

Сенің де кеткенің бе?
Ешкімге опа бермейтін
Мына жалған тірліктен
Сенің де өткенің бе?!
Әлде сенің өлімің де
Қалың қазақ үшін
Атаулы күн боп қалар
Текті өлім бе?!

Алдында жанып тұратын
Қазақтың жарығы едің.
Елің мен жеріңнің
Халы мен күйін ойлап
Қаншама күйініп,
Қаншама жанып едің.
Тамыры тереңге кеткен,
Ұшар басы бұлтқа жеткен
Алып едің.

Дәл қазір
Сенің өліміңнен
Қара жер белдеуі
Қайысқандай болып тұр.
Таулардың белдері
Майысқандай
болып тұр…

Қош бол, Әбеке!
Ғұмыр бойы өзің
Елім деп өттің ғой,
Еліңнің белі
Болаттай бекем болсын!
Мәңгілік орның
Бар қазақ тағзым етер
Қасиетті мекен болсын!
Әумин!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
темирхан медетбек Тұтас бір әлем едің олендери стихи на казахском языке темірхан медетбек өлеңдері, темірхан медетбек өлеңдері, темирхан медетбек олендери, темирхан медетбек стихи на казахском языке, Тұтас бір әлем едің, кекілбайұлы әбішке өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]