Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Аттары мәлімсіз достар)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Аттары мәлімсіз достар)

Самолеттермен гурілдеп,
Алдымнан тағы шықты ұрыс.
Жөнелді жанып дүрілдеп,
Жататын орман тып-тыныш.
Дұшпан тұр өлім себелеп,
Жаралы жанмын қарусыз,
Өзімдей жатыр мүгедек,
Арыс жігіт, ару қыз.
Кереге көзді ақ оттар,
Аспанға жатыр ау құрып,
Қорғайды бізді солдаттар,
Зениткамен жауды ұрып,
Аяқ-қолым таңулы,
Жатырмын жерде қарусыз.
Қорғайды достар жанымды,
Аттары маған мәлімсіз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Аттары мәлімсіз достар өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Аттары мәлімсіз достар, достар туралы олен жолдары, достық туралы өлең жолдары, достар туралы өлең шумақтары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]