Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жұлдыз)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жұлдыз)

Аясынан аспанның
Неге, жұлдыз, ағасың?
Жүрегі ме ең жас жанның,
Қайда кетіп барасың?
Зурә сұлу сен болсаң,
Жымыңдамай жерге түс.
Күміс қанат құс болсаң,
Суылдамай көлге түс.
Болсаң үміт қазығы
Орыныңда тұр ақпай.
Қара түннің үстінде
Жан алаулап шырақтай.
Кешкенімде соғыстың
Аласапыран дүлейін,
Сен жарқырат жол үстін
Саған қарап жүрейін.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Жұлдыз өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Жұлдыз, жұлдыз туралы олен, жұлдыз туралы өлең, жулдыз туралы олен, стихи на казахском языке про звезды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]