Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ұйқысыз өткен түнде)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ұйқысыз өткен түнде)

Құшағына ап дауыл.
Тебіренді ой шіркін.
Ертең ерте шабуыл
Үйықтамадық сол бір түн.
Терістіктен жел тұрды,
Таң сарғайып берді сыз.
Жан жадырап желпінді,
Біткендей бір күш белгісіз.
Кезеулі мылтық ұсынып,
Кезең туды кек алар.
Түлектерін ұшырып,
Тұрды қарап генерал.

Жау оғынан бораған,
Жасырады жер мені.
Айнала оттан ораған,
Жасырады жер мені.
Өмір отын жандырған,
Сол жер үшін жан құрбан!
Ендігі үйім жер менің,
Ашық аспан астында.
Қарсы жүріп келемін,
Қаптаған сел тасқынға.
Жерде менің жеңісім,
Жауға атылам жер үшін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Ұйқысыз өткен түнде өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Ұйқысыз өткен түнде

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]