Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ормандағы мола)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ормандағы мола)

Орман үшін ұрыста,
Жауған оққа ұшты ер.
Айбарлы ұлын айналып,
Қойнына алып құшты жер.
Орман қоршап айнала,
Орап нуға құндақтап.
Жауыннан да дауылдан,
Сол қабырды тұр сақтап.

Автоматты кезеніп,
Адамзаттың жауына.
Полк туы желбіреп,
Жөнелдік біз тағы да.
Келеді жас полковник,
Қияға көз жіберіп.
Кеудесінде кегі бар,
Күзгі аспандай түнеріп.
Желбірейді Қызыл Ту,
Символындай жеңістің.
Майдан маршы ойнайды
Дүрілдетіп жер үстін.
Теңізде де, көкте де,
Алар «сыйын» сұм дұшпан.
Кірді майдан ішіне,
Келген полк шығыстан.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Ормандағы мола өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Ормандағы мола

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]