Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қайтармыз қазақстанға)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қайтармыз қазақстанға)

Қайратты күш шыдатпас,
Шығар жаудың талқаны.
Қайтармыз Қазақстанға,
Аралармыз Арқаны.
Құдіретті күшімен,
Құрар жеңіс салтанат.
Қалған бірге жабырқап
Күлер қайта махаббат.
Топырағында туған жер,
Аунап-қунап жатармыз.
Көкорайлы көлдерден,
Кегер үйрек атармыз.
Астымызда жүйрік ат,
Шапқылармыз зымырап.
Асқар тауға шығармыз,
Бұлтымен бір бұлдырап.
Қайратты күш шыдатпас,
Шығар жаудың талқаны,
Қайтармыз Қазақстанға,
Аралармыз Арқаны.

1942. Волхов майданы
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Қайтармыз қазақстанға өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Қайтармыз қазақстанға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]