Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Волхов)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Волхов)

Долы ағын иіріліп, шұбатылып,
Толқыны тоқсан тоғыз бұратылып.
Шашылған зеңбіректің оттарындай,
Ақ көбік айдынында тұр атылып.
Орыстың қарт өзені көпті көрген,
Қол беріп қоса аттанған кектілермен.
Майданда жапырағын жалын шалып,
Солдатша киініп ап өтті өрден.
Шұбалаң көш тәрізді шұбатылған,
Жыл өтер жылжып ылғи жыл артынан.
Достардың қабырлары тұрар сонда,
Жас торқа топырақпен тыңайтылған.
Арқырап өр толқыны жарын ұра,
Бой бермес жаудың Волхов арынына.
Ертең күн қызғалдақты гүл өсірер,
Қалаулы ұлдарының қабырына.

1942. Волхов майданы
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Волхов өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Волхов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]