Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Майдандағы жігіттің жыры)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Майдандағы жігіттің жыры)

Жаздың түні жас жарыммен,
Келіп қайың қасына,
Бұтақтарға тұрушы едік
Шынтақ қойып, асыла.
Жапырақтың арасынан,
Ай сәулесі қалтырап,
Ақ бетіне аруымның,
Түсуші еді жарқырап.
Түніменен түс көремін,
Тербеледі көк терек.
Жарым өзен жағасында
Тіл қатады еркелеп.
Түніменен түс көремін,
Ұзақ жатыр жол әлі.
Түсіңде емес, өңіңде сен
Есіңе алсаң болғаны.

1942. Волхов майданы
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сырбай мауленов Майдандағы жігіттің жыры өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Майдандағы жігіттің жыры, Волхов майданы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]