Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Менің әпкем)

Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Менің әпкем)

Сағынғанда көтеріп,
Құшарлана сүйеді.
Шапалағы шарт етіп,
Жағыма да тиеді.

Үндемеймін оған мен,
Үндемеуге бекінем.
Қанша қатал болғанмен,
Сүйеді кеп бетімнен.

Киімімді жуады,
Барлық ынта, зейінмен.
Үйдегі бір мұғалім
Өзі шығар деймін мен.

Кейде бәйек бола ғап,
Асымды да қойды алға.
Сағатына қарап ап,
Жібереді ойнауға.

Жүрем оның бейнесін
Жүрегіме орап мен.
Сағынамын көрмесем,
Алтын әпкем, жан әпкем.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
туманбай молдагалиев Менің әпкем стихи на казахском языке казакша олен молдағалиев тұманбай өлеңдері, тұманбай молдағалиев өлеңдері әдеби әлем, туманбай молдагалиев олендери создери, туманбай молдагалиев стихи на казахском языке, туманбай молдагалиев казакша олендери, Менің әпкем, әпке туралы өлең шумақтары, әпке туралы өлең жолдары, апке туралы олен, стихи на казахском языке о сестре

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]