Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Азайып бара жатыр біздің бұлақ)

Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Азайып бара жатыр біздің бұлақ)

Азайып бара жатыр біздің бұлақ,
Көзіне қарағышпыз қыздың бірақ.
Көктем келсе, жолында жазға соқпай,
Өтіп бара жатады күз зымырап.

Күз кетеді, соңынан қыс келеді,
Қабақ шытып ызалы тістенеді.
Сыбағасы бардай-ақ өзі жейтін,
Кірген үйдің бәріне түстенеді.

Өрден сайға өрекпіп желмен ұштың,
Саған аяп қол ұшын бермеді ешкім.
Үстіңе тон, аяққа етік киіп,
Қызметінде жүресің сен де қыстың.

Ешкім көмек бермейді құр жатқанға,
Ат болдырып, қалады бір жақта арба.
Денең сергіп, қарайсың көңілің өсіп,
Дүниені көктем кеп нұр жапқанда.

Қартайған соң көп күнің жеке өтеді,
Қиялға да берілме өте тегі.
Сол көктемге, бауырым, аман жетсең,
Ар жағын жаз жетелеп әкетеді...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
туманбай молдагалиев Азайып бара жатыр біздің бұлақ стихи на казахском языке казакша олен молдағалиев тұманбай өлеңдері, тұманбай молдағалиев өлеңдері әдеби әлем, туманбай молдагалиев олендери создери, туманбай молдагалиев стихи на казахском языке, туманбай молдагалиев казакша олендери, Азайып бара жатыр біздің бұлақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]