Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Өткен күндерге хат жаздым)

Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Өткен күндерге хат жаздым)

Өткен күндерге хат жаздым,
Өшіп қалмасын оты деп.
Іздейді, мүмкін, хат жазды
Арманға толы көкірек.

Тағдырым, мені жүдетпе,
Биіктеп ұшсын нар құсым.
Қартайған қайсар жүректе,
Жігіттің оты, бармысың.

Бітпеген әні, әуені,
Жігіт едім ғой мен күшті.
Бес жапырағым бар еді,
Бір жапырағым желге ұшты.

Құлатып алдым ай, күнді,
Жылады жаным еңіреп.
Көтерісті ауыр қайғымды,
Сүйеді елім мені кеп.

Найзағай соққан қарағай
Орманда осы аз ба, әттең.
Жаңа аяқтанған баладай
Жүремін құлай жаздап мен.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
туманбай молдагалиев Өткен күндерге хат жаздым стихи на казахском языке казакша олен молдағалиев тұманбай өлеңдері, тұманбай молдағалиев өлеңдері әдеби әлем, туманбай молдагалиев олендери создери, туманбай молдагалиев стихи на казахском языке, туманбай молдагалиев казакша олендери, Өткен күндерге хат жаздым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]