Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Өткен күндерге хат жаздым)
Өткен күндерге хат жаздым,
Өшіп қалмасын оты деп.
Іздейді, мүмкін, хат жазды
Арманға толы көкірек.
Тағдырым, мені жүдетпе,
Биіктеп ұшсын нар құсым.
Қартайған қайсар жүректе,
Жігіттің оты, бармысың.
Бітпеген әні, әуені,
Жігіт едім ғой мен күшті.
Бес жапырағым бар еді,
Бір жапырағым желге ұшты.
Құлатып алдым ай, күнді,
Жылады жаным еңіреп.
Көтерісті ауыр қайғымды,
Сүйеді елім мені кеп.
Найзағай соққан қарағай
Орманда осы аз ба, әттең.
Жаңа аяқтанған баладай
Жүремін құлай жаздап мен.
Өшіп қалмасын оты деп.
Іздейді, мүмкін, хат жазды
Арманға толы көкірек.
Тағдырым, мені жүдетпе,
Биіктеп ұшсын нар құсым.
Қартайған қайсар жүректе,
Жігіттің оты, бармысың.
Бітпеген әні, әуені,
Жігіт едім ғой мен күшті.
Бес жапырағым бар еді,
Бір жапырағым желге ұшты.
Құлатып алдым ай, күнді,
Жылады жаным еңіреп.
Көтерісті ауыр қайғымды,
Сүйеді елім мені кеп.
Найзағай соққан қарағай
Орманда осы аз ба, әттең.
Жаңа аяқтанған баладай
Жүремін құлай жаздап мен.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Ана)
» Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Менің әпкем)
» Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Бір баяулап келемін, бір қарқындап)
» Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Таң атты, біраздан соң күн шығады)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйеді жүрек тек сені)

Іздеп көріңіз: