Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Тарыққанда табынарым - өлеңім)

Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Тарыққанда табынарым - өлеңім)

Тарыққанда табынарым - өлеңім,
Жабыққанда жалынарым - өлеңім.
Барлығы да өлеңімде сақтаулы -
Ақын болып нені айттым мен, не дедім.

Жүрегіме сүйенемін күй білген,
Жыры арқылы жұрт көңілін идірген.
Ең алдымен сүйдім адамдарды мен,
Анам көріп, әкем көріп сүйдім мен.

Сол өмірдің дегендерін құп алдым,
Әрқашанда көктем алдым, нұр алдым.
Жақсы көрдім қатар жүрген достарды,
Табысына, шабысына қуандым.

Көңілім деп ұқтым гүлді, көгалды,
Өрге бастар өмірімнің жол алды.
Мен жамандық істегем жоқ ешкімге,
Қолдан келген жақсылығымды ел алды.

Көктемдегі көк өзендей тасимын,
Жалғыз ауыз жаман сөзден жасимын.
Қатты сөзге барғаным жоқ ешкіммен,
Тәтті сөзге жебеушім деп бас идім.

Бірін-бірі сүйеп тұр ғой ормандар,
Өсиетсіз, қасиетсіз болмаңдар.
Ей, адамдар бір-біріңді қолдаңдар,
Ей, адамдар, бір-біріңді қорғаңдар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
туманбай молдагалиев Тарыққанда табынарым - өлеңім стихи на казахском языке казакша олен молдағалиев тұманбай өлеңдері, тұманбай молдағалиев өлеңдері әдеби әлем, туманбай молдагалиев олендери создери, туманбай молдагалиев стихи на казахском языке, туманбай молдагалиев казакша олендери, Тарыққанда табынарым - өлеңім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]