Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз)

Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз)

Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз,
Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз.
Барлығына уақыт жоқ жететұғын,
Күн көзіне отырып жылынбаймыз.
Қаппаса да қармақты күміс балық,
Ауасымен арманның тыныстадық.
Міндет тауып аламыз өзімізге,
Күні бойы бітпейтін жүмыс тауып.
Арқамызға жүктерін күн артады,
Бақыт тауып аламыз бұдан тағы.
Қуантуға біреуді асығамыз,
Біздерді де біреулер қуантады.
Жеткізсек деп ойлаймыз жас баланы,
Аялайды тіршіліктің асқақ әні.
Көңіл гүлін сыйлаумен тұрғыласқа,
Өмір күнім менің де басталады...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
туманбай молдагалиев Оянып ап ақ таңнан қыбырлаймыз стихи на казахском языке казакша олен молдағалиев тұманбай өлеңдері, тұманбай молдағалиев өлеңдері әдеби әлем, туманбай молдагалиев олендери создери, туманбай молдагалиев стихи на казахском языке, туманбай молдагалиев казакша олендери, Оянып ап ақ таңнан қыбырлаймыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]