Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Бола бермес бәйгеде әркім алды)
Бола бермес бәйгеде әркім алды,
Жетем деген көп жерден көңілім қалды.
Қақсам болдым барында қанатымды,
Бақсам болды әлпештеп балаларды.
Болам деген ойым жоқ мүлдем ірі,
Қуанышым өлкемнің гүлді өңірі.
Келер елдің бағындай көрінеді
Немеремнің бір нәрсе білгендігі.
Көтерілем, көбейем көп себептен,
Ешкім жоқ қой дүниеден ән сап өткен.
Бәрін көріп көзіммен, ал сөзіммен
Көмектесіп соларға кетсем әттең.
Жетем деген көп жерден көңілім қалды.
Қақсам болдым барында қанатымды,
Бақсам болды әлпештеп балаларды.
Болам деген ойым жоқ мүлдем ірі,
Қуанышым өлкемнің гүлді өңірі.
Келер елдің бағындай көрінеді
Немеремнің бір нәрсе білгендігі.
Көтерілем, көбейем көп себептен,
Ешкім жоқ қой дүниеден ән сап өткен.
Бәрін көріп көзіммен, ал сөзіммен
Көмектесіп соларға кетсем әттең.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Ана)
» Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Тарыққанда табынарым - өлеңім)
» Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Өткен күндерге хат жаздым)
» Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Таң атты, біраздан соң күн шығады)
» Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Әйел - сенің ақылшың)

Іздеп көріңіз: