Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Түсінісу)
![Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Түсінісу)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-02/1455019447_eb73ab6da83644a894e08920885d58ed.jpg)
Екі жылқы өзді-өзін,
Кісінесіп, қасынысып түсінді.
Екі пенде көздерін –
Шұқып, ұрып ісірді.
Сұрқы жаман заманның,
Көш секілді қаралы.
Ар-намысы адамның,
Ішімді өртеп барады.
Боз жусан,
Боз бетеге,
Боздақ қыр.
Боздақтарға бай елмін.
Ботасын ерткен боз інген,
Айналайын, көзіңнен –
Екі қабат әйелдің қасына келіп боздап тұр.
Құрсақта жатқан ұлан – ұл,
Тосып жатты құлағын...
Кісінесіп, қасынысып түсінді.
Екі пенде көздерін –
Шұқып, ұрып ісірді.
Сұрқы жаман заманның,
Көш секілді қаралы.
Ар-намысы адамның,
Ішімді өртеп барады.
***
Боз жусан,
Боз бетеге,
Боздақ қыр.
Боздақтарға бай елмін.
Ботасын ерткен боз інген,
Айналайын, көзіңнен –
Екі қабат әйелдің қасына келіп боздап тұр.
Құрсақта жатқан ұлан – ұл,
Тосып жатты құлағын...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: