Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Соңғы батыр)

Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Соңғы батыр)

Қазақта – соңғы батыр Кенесары,
Атанды қоңыр болмай, неге сары?
Көз еті тым сарғайып кетеді екен,
Жауының көрінбесе төбе, шаңы...

Жалына алмас қылыш жанығанда,
Сілкініпті ол мінген жануар да.
Еркіндік,
Бостандық деп тастапты ұран,
Бойында Алты Алаштың қаны барға...

Қазақтың суалғанда құт тұмасы,
Жанарына шер болып бұқты жасы...
Тауында Кекіліктің кесілді де,
Алтынға бағаланды түкті басы...

Қонды да шыққан жаны сары құсқа,
Таң қалды ел, қара бұлтты жарып ұшса...
Тізесі бүгілмеген майданда қап,
Рухы кетті айналып сағынышқа.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жаркен бодешев Соңғы батыр стихи на казахском жәркен бөдешұлы өлеңдері олен, жәркен бөдешұлы өлеңдері, жаркен бодешев стихи на казахском, жәркен бөдеш өлеңдері, жәркен бөдешұлы олендери, Соңғы батыр, батыр туралы олен, батыр туралы өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]