Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Мінез)

Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Мінез)

Жылқы текті жануар ғой –
Құс қорек,
Оған біткен күмбір әуен,
Түс те ерек.
Оған біткен мінез бөлек,
Күш бөлек.
Сары жонда бөлініп қалған саяғын –
Үш-ақ күнде жатырқайды тістелеп...

Бұл заманның қабағынан қаймығып,
Сол мінезден қалса керек айырылып.
Әлдеқайдан қаңғып келген есекті,
Үйіріне қосып алды сәйгүлік.

Қыр астында қырағылық көз ілсе,
Ойран салар опасыз жау сезінсе...
Күмбір-күмбір кісінеудің орнына,
Шата қодық аңырайды өзінше...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жаркен бодешев Мінез стихи на казахском жәркен бөдешұлы өлеңдері олен, жәркен бөдешұлы өлеңдері, жаркен бодешев стихи на казахском, жәркен бөдеш өлеңдері, жәркен бөдешұлы олендери, Мінез, адам мінезі туралы өлеңдер, мінез құлық туралы өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]