Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Тоғыз ай тоғыз күн)

Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Тоғыз ай тоғыз күн)

Тоғыз қабат тұрғын үй бой көтерді түстіктен,
(Тоғыз айлық іс біткен).
Жеті балдық күшпенен сілкіп көріп сынады,
Уа, алақай, алақай,
Төтеп берді,
шыдады.
Сыннан өту болды оңай,
Тек зілзала болмағай.

Тоғыз ай, тоғыз күн дегенде,
Толғақ толып кемелге –
Кіндік жібін саумалап
Періштелер қаумалап
Шыр-шыр етіп, шыр етіп,
Түсті, түсті, сәби түсті – еденге...
Құдай жолын оңдағай,
Тек тоғыз балл болмағай.

***

Жер көгерді.
Мен қашан көгеремін,
Көгермей ішімде өлді көп өлеңім.
Қарақұмның семіртіп сексеуілін,
Қара нөсер жаудырсам деген едім.
Сыңсыған нуға айналып төңірегім,
Гүлдерді тозаңдатса көбелегім,
Араларым мұртына бал жалатып,
Масаларым мертіксе қанға батып.
Ойлағаным болса осы не дер едім,
Ауырмай, сырқамай-ақ өлер едім.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жаркен бодешев Тоғыз ай тоғыз күн стихи на казахском жәркен бөдешұлы өлеңдері олен, жәркен бөдешұлы өлеңдері, жаркен бодешев стихи на казахском, жәркен бөдеш өлеңдері, жәркен бөдешұлы олендери, Тоғыз ай тоғыз күн

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]