Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Жерідің менен…)
![Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Жерідің менен…)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-02/1454718875_548945.jpg)
Жаз өтті бастан, қыс қалды дедім,
Жерідің менен мүлде сен.
Ғұмырым бірден қысқарды менің,
Не үшін, не деп күн кешем?
Кеудемде мейірім, ар-намыс барын
Көремін дағы сорымнан.
Сұр өмір сараң алданыштарын
Сыпырып алды қолымнан.
Көкірегіме шер толып, Тектім,
Айта алмай аузым мұңды әнді,
Өкініштен мен өртеніп кеттім,
Ішімде сұп-сұр күл қалды.
Жерідің менен мүлде сен.
Ғұмырым бірден қысқарды менің,
Не үшін, не деп күн кешем?
Кеудемде мейірім, ар-намыс барын
Көремін дағы сорымнан.
Сұр өмір сараң алданыштарын
Сыпырып алды қолымнан.
Көкірегіме шер толып, Тектім,
Айта алмай аузым мұңды әнді,
Өкініштен мен өртеніп кеттім,
Ішімде сұп-сұр күл қалды.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: