Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Қара алмас көзді қасың да керік)
![Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Қара алмас көзді қасың да керік)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-02/1454718875_548945.jpg)
Қара алмас көзді қасың да керік,
Қадалмас саған жан қайда?!
«Хамсадан» біздің ғасырға келіп
Қалып ең қалай паң Ләйлә?!
Жүрегім бұлай бүлінбес еді,
Кетпес еді ес-түсім.
Хиссадан шыққан күніңде сені
Көрдім мен биде кешкісін.
Жарқылдап жүзің, жайнады өңің,
Қарасам – қайта жоқ бопсың.
Өлеңнен келген Ләйләні менің
Өлеңім қалай тоқтатсын?!
Қадалмас саған жан қайда?!
«Хамсадан» біздің ғасырға келіп
Қалып ең қалай паң Ләйлә?!
Жүрегім бұлай бүлінбес еді,
Кетпес еді ес-түсім.
Хиссадан шыққан күніңде сені
Көрдім мен биде кешкісін.
Жарқылдап жүзің, жайнады өңің,
Қарасам – қайта жоқ бопсың.
Өлеңнен келген Ләйләні менің
Өлеңім қалай тоқтатсын?!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: