Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Шығармай жүрдім бір де естен)

Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Шығармай жүрдім бір де естен)

Шығармай жүрдім бір де естен,
Ұмытып ұйқы-күлкіні,
Бір рет қана тілдескен
Бейнеңді сенің күн-түні.

Қай жұмыс мейлі істесем,
Қуат боп жүрдің көңілге.
Көзіме менің түспесең,
Не көрдім дер ем өмірде?!

Тәңірім талай түске енген,
Тентек те қылдың ақылды.
Ақындық жолға түскенде ем,
Жыр қылып сұлу атыңды.

Сұлулық – талант, жанымның
Қонған-ды саған дарыны,
Өспірім менің шағымның
Өшпеген жалғыз жалыны.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жуматай жакыпбаев Шығармай жүрдім бір де естен стихи на казахском языке казакша олен жұматай жақыпбаев өлең, жұматай жақыпбаев өлеңдері, жуматай жакыпбаев олендери, жуматай жакыпбаев стихи на казахском языке, стихи на казахском языке жуматай жакыпбаев, жуматай жакыпбаев казакша олен олендери, Шығармай жүрдім бір де естен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]