Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Көк жорға)

Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Көк жорға)

Сен үшін өкпеңді айтар сан,
Жанымнан шашылған жыр-әндер.
Көк жорғам, күлтілдеп тайпалсаң,
Жарқылдап барады құранды ер.

Ертеңгі қазақты біл бүгін,
Біз жайлы сонау бір сырттағы ән.
О, менің шәлкестеу дүлдүлім,
Ұрттаса, мен құсап ұрттаған.

Қамшылар жағыңа, жел жаққа,
Қарайсың көзіңе толып мұң.
Жем бермей қойды ма мен жоқта,
Жоқ әлде орынсыз зорықтың?

Жаныңа салып бір мол қайғы,
Көрсеткен екен ғой сый маған.
Айттым ғой, бұл түге, оңбайды,
Ақырғы тұлпарды қинаған.

Пырағым, ай тұяқ, ақ табан,
Көрдің сен Жоңғарда сан жарыс.
Сынасса жокейлер баптаған,
Чемпион көп бие қалды алыс.

Бостан бос кетер ме мол күшің,
Соңыңнан жете алмай ерді жел.
Әлемдік жарыс жоқ жорға үшін,
…Бәйгеңді шаппай-ақ бергізем.

* * * * *

Алаяқтарға құранды ер, жабу салдырып,
Гүлді пішенді ауыздықтарымен шалдырып.
Бел будық тойға асабаларға қосылып,
Жүгірер деп сеніп, бойында өнер бар күлік.

Жүйрікке міну – жігіттік ата салтында,
Жабулап күндіз, суытып қоңыр салқында.
Жаратушы едік қасқа бас сонау қос атты,
Жал-құйырықтарын малынтып кешкі алтынға.

Артында талай асу да асу жар қалып,
Тілеуін тілеп тұрғанда қос қыз зарланып,
Құлақасқа атың құйқылжып жазғыз келгенде,
Қуанғаннан құнан өгізін де алмадық.

Ат жетер жерден аңқылдап топтар келгенде,
Аттарын байлап мама ағаш, тасқа, белдеуге.
Құтты болсын деп қол қысты келіп, біздерді
Миықтан күліп, мысқылдап жүрген ерлер де.

Құйрығын майла дегендер үйге күнде кеп,
Түнімен темір пеш отындай да гүрлеп ек.
Желекті жермен жирен жұлдызша заулайтын,
Жирен қасқаның абыройы да бір бөлек.

Қос күлік тері үгілмей түнде таң асса,
Ән қосушы едік әкеден қалған ағашқа.
Сар тісті шалдар сусар бөркін шалқайтып,
Саумал ішкендей жұтынды қатын-қалаш та.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жуматай жакыпбаев Көк жорға стихи на казахском языке казакша олен жұматай жақыпбаев өлең, жұматай жақыпбаев өлеңдері, жуматай жакыпбаев олендери, жуматай жакыпбаев стихи на казахском языке, стихи на казахском языке жуматай жакыпбаев, жуматай жакыпбаев казакша олен олендери, Көк жорға, Көк, жорға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]