Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Көкпар)

Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Көкпар)

Адуын қайсар мінез, темір білек,
Шыдамай кей жігіттер шайқас тілеп.
Додаға тайсақтамай тез кірсін деп,
Ысқыртып атты бұтқа алды білеп.

Қағысып астындағы жылқы малы,
Көкпарға тебініп жұрт ұстылады.
Тақымға орай басып тартқан кезде
Көк еті көк серкенің жыртылады.

Жұлқынып пырақтар да күш қылады,
Келгендей ту аспанға ұшқылары.
Сатырлап сауырынан қамшы тисе,
Тұлпарлар тұяқ тіреп ышқынады.

Жігет пе атқа топты жарғызбаған,
Әнеки, көкпар кетті андыздаған.
Дүркіреп тартып берді қуып соны,
Қала ма мұндай кезде қан қызбаған.

Жайлаудың айқай басып ойы, көгін,
Бұл көкпар алып кетті той ілегін.
Пысқырып адам өлсе қарамаған,
О, көкпар, өр халқымның ойыны едің.

Дода боп әдет жанды қысты ма екен,
Қасиет қанға сіңген ыстық екен.
…Көкпарда қазақ өзін сынайтұғын,
Әйтпесе, тышқақ лақ ныспы ма екен?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жуматай жакыпбаев Көкпар стихи на казахском языке казакша олен жұматай жақыпбаев өлең, жұматай жақыпбаев өлеңдері, жуматай жакыпбаев олендери, жуматай жакыпбаев стихи на казахском языке, стихи на казахском языке жуматай жакыпбаев, жуматай жакыпбаев казакша олен олендери, Көкпар, көкпар туралы өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]