Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Сені көргім...)

Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Сені көргім...)

Біраз тілді үйренгем жоқ тегіннен,
Бір кісідей білем барлық мұраны.
Шоң кеңсеге ертең барар едім мен,
Сені көргім келеді де тұрады.

Сағыныштың күш-қайраты неге осы
Мақсатыңды жерге алып ұрады?
Сен жүрген жер секілді бір жер өсі
Сені көргім келеді де тұрады.

Мен таппаған, мен айтпаған сөз қалмай,
Көбейсін деп қазекеңнің жыр-әні,
Дастандарды төгер едім қоғалмай
Сені көргім келеді де тұрады.

Салыңқырап кеттім білем, сірә, мен,
Арақтың да көп қой кесір, ылаңы.
Әр нарсенің басын шатып жылар ем
Сені көргім келеді де тұрады.

Мен нәзікпін, мызғымастай ер емен,
Құлағыма кірмейді елдің ұраны.
Баяғыда-ақ мен атылып өлер ем,
Сені көргім келеді де тұрады.

Таудан көшкін көше ме екен еңселі,
Ерір ме екен ағаштардың сеңсеңі?
Сенің қолың деген қол бар, мен соны,
Соны білгім келеді де тұрады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жуматай жакыпбаев Сені көргім... стихи на казахском языке казакша олен жұматай жақыпбаев өлең, жұматай жақыпбаев өлеңдері, жуматай жакыпбаев олендери, жуматай жакыпбаев стихи на казахском языке, стихи на казахском языке жуматай жакыпбаев, жуматай жакыпбаев казакша олен олендери, Сені көргім...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]