Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Көк бөрінің күйі - «көк түркі»)

Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Көк бөрінің күйі - «көк түркі»)

Немене жыбырлап тұр тамағымда,
Қорқыттың қобызының шанағында?
Болғанмен басым – мұнда,
Көңілім – анау –
Көк Тәңірі,
Көк Түркінің заманында.

Жаһанды жанарыммен жасқап өстім,
Жайлауды тастап, неге тасқа көштім?
Дүниеде жоқ-ты бізден басқа –
Ешкім,
Біздерден бекзат, текті, асқақ –
Ешкім!

Дүние неге бөлек ойға қалды,
Ол онда көк ғасырын тойлаған-ды.
Ғаламзат -- КөкТәңірі, Көк Түркі бар,
Көк Бөрі ғана бар деп ойлаған-ды...

Түркіге түбі тексіз жүйе қас-ты,
Бетіме қай сұм келіп күйе басты?!
Қалайша Көк Тәңірі Көк Түркіден
Көз жазып, --
Көк Бөріден кие қашты?!

Құлайтын күн болғанда Құдайға анық,
Атымның бауырына құлай барып, --
Күн Ие, жалт қарасам Саған,
Сонда –
Дүние бара жатты шыр айналып...

Ұлып кеп, көкжиегін түріп көктің,
Көз жасын құз қияда жүріп --
Төктім.
Оғыздың қабіріне құлап түсіп,
Қобыздың шанағына кіріп кеттім...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
серик аксункарулы Көк бөрінің күйі көк түркі стихи на казахском языке серік ақсұңқарұлы олен өлең, серік ақсұңқарұлы өлеңдері, серік ақсұңқарұлының өлеңдер жинағы, стихи на казахском языке серик аксункарулы, серик аксункарулы олени өлең, Көк бөрінің күйі көк түркі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]