Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Ой жайлау)

Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Ой жайлау)

Ойжайлау, шөбің шүйгін, суың дәрі,
Болады халқыменен ақын сәні.
Ойжайлау!
Берейін әнге шырқап ортаңызда,
Жиналған елім-жұртым, жас пен кәрі.
Ойжайлау!

Қайырмасы:
Ақ шәйнек, сары самаурын тұрса қайнап,
Отырса қыз-бозбала күліп-ойнап,
Киінген қызғалдақтай қыз-келіншек,
Сапырса сары қымыз, құлан ойнақ.
Қуарған қара ағаштай қақиғанша,
Жас шақты өткізелік гүлдей жайнап.
Ойжайлау!

Ойжайлау атақоныс көп дулатқа,
Ат пен тон жарасады азаматқа.
Айтысып, қыз-бозбала қырындасып,
Серуендеп, тамаша еткен жастық шақта.

Қайырмасы:

Ақ бүрлен, қызыл бүрлен, қалың бүрлен,
Бүрленді аралайды жөнін білген.
Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап,
Қызығы бұл дүниенің ойнап-күлген.
Ойжайлау-ай!

Ойжайлау, қойның қыстау, басың жайлау,
Жарасар ақ үй тігіп, бие байлау.
Жиылып мұнша елім отырғанда,
Ақынға жараспай ма бұлбұл сайрау?

Майгүл Қазтұрғанова - "Ой, Жайлау"


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
кенен әзірбаев Ойжайлау өлең олен стихи на казахском языке кенен азербаев, кенен азербаев андери, кенен азербаев олендери казакша, кенен әзірбаев олендери, кенен әзірбаев өлеңдер жинағы, кенен әзірбаев өлеңдерінің сөзі, Ойжайлау, Майгүл Қазтұрғанова, Майгүл Қазтұрғанова ой жайлау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]