Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Тік шырқау)

Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Тік шырқау)

Тік шырқауға шырқайын шырғақтатып,
Асқақ әнге салайын ырғақтатып.
Ой, үрия-ай, дүние-ай, қызық-ау, қыздар-ай!

Қайырмасы:
Қыз мінген қызыл аттың жүрісіндей,
Кетейін бүлкілдетіп, сырғақтатып.
Төрт бөліп түн ұйқысын жортқан жігіт,
Жүрмей ме шартараптың дәмін татып.
Сұлу қыз түлкі болып төстен қашса,
Ер жігіт қырандайын алсаң қалқып,
Шіркін-ай, дүниенің қызығы сол,
Қалқаңды аулақ жерде сүйсең жатып.
Ой, үрия-ай, дүние-ай, қызық-ау, қыздар-ай!

Алма мойын, ей, қыздар, жарғызарсың,
Алуа-шекер тіліңнен қанғызарсың.
Ой, үрия-ай, дүние-ай, қызық-ау, қыздар-ай!

Қайырмасы:

Келгенде он жеті мен он сегізге,
Кеудеңнен қос анарың салбырарсың.
Қамысты терең көлдің сұқсыры едің,
Бір күні ақиыққа алғызарсың.
Кез болған кенедейін сұлу қыздар,
Көңілімді қайтіп менің қалдырарсың?
Қоймасаң бұл мінезді, сұлу қыздар,
Біреуді көлеңкеңде талғызарсың.
Қоймасаң бұл сәулетті, ару қыздар,
Кеудемді оттай менің жанғызарсың.
Ой, үрия-ай, дүние-ай, қызық-ау, қыздар-ай!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
кенен әзірбаев Тік шырқау өлең олен стихи на казахском языке кенен азербаев, кенен азербаев андери, кенен азербаев олендери казакша, кенен әзірбаев олендери, кенен әзірбаев өлеңдер жинағы, кенен әзірбаев өлеңдерінің сөзі, Тік шырқау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]