Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Базар-назар)

Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Базар-назар)

Зарланасың, ақ ешкі, лағыңа,
Емшегіңнен емізген шырағыңа.
Кел, екеуміз қосылып бір жылайық,
Жетер ме екен Тәңірдің құлағына.

Қайырмасы:
Жалған, дүние-ай, салдың күйге,
Омырауымнан үзіліп түсті,
Екі түйме, ой, дүние-ай!
Базарым-ай, Назарым-ай,
От басында күл шашарым,
Қарағым-ай, ой, дүние-ай!
Базарым-ай, Назарым-ай,
Қу шешектен болды сенің,
Ажалың-ай, ой, дүние-ай!

Бала деген адамға балдай екен,
Сөйлесе тәттілігі жалдай екен.
Арып-ашып алыстан келгеніңде,
Мойыныңа асылып алдайды екен.

Қайырмасы.

Мәтібұлақ жолымен ел өтеді,
Жалаң қабат шапаннан жел өтеді.
Керектігін баланың мен айтайын,
«Қу бас» десе біреудің сөзі өтеді.

Қайырмасы.

Мәтібұлақ жолымен ел көшеді,
Екі ағайын ұрысса «сен» деседі.
Ер жігіттің баласы өле берсе,
Жанып тұрған шырағы демде өшеді.

Қайырмасы.

Көштің көркі болмайды түйесі жоқ,
Таппай айтқан сөз жаман жүйесі жоқ.
Бірте-бірте баламды ала бердің,
Домбырамның қала ма иесі жоқ.

Қайырмасы.

Ешкі қандай байқасаң, лақ қандай,
Лақ ойнап тезекті құлатқандай.
Көптің көңілін көп ашқан бұлбұл едім,
Мен жаздым Тәңірге жылатқандай.
Қайырмасы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
кенен әзірбаев БАЗАР-НАЗАР өлең олен стихи на казахском языке кенен азербаев, кенен азербаев андери, кенен азербаев олендери казакша, кенен әзірбаев олендери, кенен әзірбаев өлеңдер жинағы, кенен әзірбаев өлеңдерінің сөзі, БАЗАР-НАЗАР

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]