Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Өткен - аяулы)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Өткен - аяулы)

Өткендi мақтар әр адам.
Бiлмеймiн, өткен алтын ба?
Болмаса, мақтау өткендi
Азаматтың салты ма?
Қариялар отырып,
Баяғыны мақтайды.
Желкiлдеген жас заман
Оларға тiптi-ақ жақпайды.
≈аң да болған соларда,
Тура, әдiл, жақсы да,
Аспаннан перi түсiрген
Ғайыпты болжар бақсы да.
"Өткен артық " дер адам,
Шеше де өлген баласын
Аузынан, сөйлеп, тастамас,
Көз iшiнде қарасын
Қ ылықты да, тәттi де,
Ақылды да ол бала.
Екi жасар күнiнде
Пәлен деген - ол дана.
Жалғаны жоқ, адамнан
Жаңаны мақтар санаулы.
Не дұрыс шығар, не терiс,
Әйтеуiр өткен - аяулы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
магжан жумабаев Өткен - аяулы өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Өткен - аяулы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]