Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Айрылдым сенен, жан сәулем)
![Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Айрылдым сенен, жан сәулем)](https://www.zharar.com/uploads/magzhan.png)
(Гетеден)
Айрылдым сенен, жан сәулем,
Көруге енді жоқ үміт.
Бірақ соңғы сөздерің
Кетпейді естен боп ұмыт.
Жапанда жалғыз жолаушы,
Аспанда торғай жырласа,
Көзі көкте, тілегі -
Көріп жақын, тыңдаса...
Мен де сондай қапамын,
Тоғайға, қырға қараймын.
Қайғымен жалғыз күңіреніп,
«Жан-жарым!»- деп жылаймын.
Көруге енді жоқ үміт.
Бірақ соңғы сөздерің
Кетпейді естен боп ұмыт.
Жапанда жалғыз жолаушы,
Аспанда торғай жырласа,
Көзі көкте, тілегі -
Көріп жақын, тыңдаса...
Мен де сондай қапамын,
Тоғайға, қырға қараймын.
Қайғымен жалғыз күңіреніп,
«Жан-жарым!»- деп жылаймын.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: