Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Ұлбосын)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Ұлбосын)

Бауырсақ мұрны пұштиып,
Бесікте жатты ӘлияҰлбосын.
Әкесінің ойында:
«ӘлияҰлбосыным пұл босын!..»
Тышқан көзі сықсиып,
Ойнап жүрді ӘлияҰлбосын.
Әкесі енді жиірек
Ойлап жүрді: «Пұл болсын!..»
Бүйрек беті бұлтиып,
Шолпы тақты ӘлияҰлбосын.
Күлім қақты әкесі,
Ойға батты: «Пұл болсын!..»
Салмақты қыз боп ақылды,
Он бірге жетті ӘлияҰлбосын.
Мал алуға әкесі
Құдаға кетті: «Пұл болсын!..»
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет
Он беске келді ӘлияҰлбосын.
Әкесі ойды иректейд:
«Отыра түссін, пұл болсын!..»
Ирек боп қалды-ау ой шіркін,
Пұл болмады-ау ӘлияҰлбосын.
ӘлияҰлбосын биыл есітті:
«Енді әйелге жол болсын...»
Естіпті де досына:
«Мән-жай мынау... ал досым...»-
Депті. Сөйтіп, сол түнде-ақ
Кетіп-ақ қалған ӘлияҰлбосын.
Бұрқырап отыр әкесі:
«Құл болмаса, бұл болсын!»
Мен не деймін, қалқам-ау,
Жол болсын деймін, жол болсын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
магжан жумабаев Ұлбосын өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Ұлбосын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]