Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қырғыз, қазаққа)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қырғыз, қазаққа)

Арқар менен құлжадай
Қойындасқан ежелден.
Екі тентек тетелес
Сойылдасқан екі елден.
Түн заманды төңкерген
Топан-заман не күтед?
Қырғыз - таудың тарпаңы,
Қазақ - қырдың құланы.
Екеуіңе топанның
Тартқан мынау ұраны:
Екі тарлан табысып,
Шұрқырасқай деп күтед.
Алатау, Арқа күңіренген
Күні кеше зарыңнан.
Сендерді солай сорлатқан
Албастыдан арылған.
Бүгінгі тұңғыш тойыңа
Той ұласқай деп күтед.
Енді алдым ашық деп,
Ілгері басқай деп күтед.
Елмен қатар елдіктен
Үмітті болғай деп күтед.
Ұйымдарың сол жолда
Ұйытқы болғай деп күтед.
Соққы жеген жетім ел
Балаулы болғай деп күтед.
Сондықтан қызыл жалындай
Жалаулы болғай деп күтед.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
магжан жумабаев Қырғыз қазаққа өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Қырғыз қазаққа, қырғыз туралы тақпақ, қырғыз туралы өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]