Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қоңыр жыр)
Тізілген толқын - меруерт,
Толғанып оқы, тербетер.
Күңірентер оймен кім білед
Тізілген - толқын меруерт.
Оқи білсең күңірентіп,
Ойыңның бойын өрлетер.
Тізілген толқын - меруерт,
Толғанып оқы, тербетер.
Толғанып оқы, тербетер.
Күңірентер оймен кім білед
Тізілген - толқын меруерт.
Оқи білсең күңірентіп,
Ойыңның бойын өрлетер.
Тізілген толқын - меруерт,
Толғанып оқы, тербетер.
ШЕШЕМ
Жерге сауып емшегін,
Шешем қайғы жей ме екен?
Орамал қылып кең жеңін,
Жерге сауып емшегін,
Теріп жүріп шөпшегін,
«Құлыным қайда?»- дей ме екен?
Жерге сауып емшегін,
Шешем қайғы жей ме екен?
AHA MEH БАЛА
Бөбектің балғын білегін
Анасы сорып сүйеді...
Көміп жерге тілегін,
Қарғап талған білегін,
Таяныш қып күрегін,
Баласы оймен күйеді...
Бөбектің балғын білегін
Анасы сорып сүйеді...
Әлдеқайда бір қара
Елбең-елбең етеді.
Айды күткен жас бала,
Әлдеқайда бір қара.
Күте-күте жан жара...
Дариға, қашан жетеді?!
Әлдеқайда бір қара
Елбең-елбең етеді!
Елбең-елбең етеді.
Айды күткен жас бала,
Әлдеқайда бір қара.
Күте-күте жан жара...
Дариға, қашан жетеді?!
Әлдеқайда бір қара
Елбең-елбең етеді!
Өмір - түлкі, сен - төбет,
Арсалаңдап келесің.
Тақымда тез, дөңгелет,
Өмір - түлкі, сен - төбет.
Артыңнан аңдып кім келед,
Түлкіңді соған бересің...
Өмір - түлкі, сен - төбет,
Арсалаңдап келесің...
«КҮНӘ» АЙТҚЫЗДЫ
«Тәңірі» де жоқ, «тәубе» жоқ,
Жаным қалай тазарсын?
Тұрмыста нәпсіз сәуле жоқ,
«Тәңірі» де жоқ, «тәубе» жоқ.
Өмір деген - шірік шөп,
Қай үмітпен қазарсың?
«Тәңірі» де жоқ, «тәубе» жоқ,
Жаным қалай тазарсын?
ТҮН АЙТҚЫЗДЫ
Тауда түнде үн берген
Тәңірі ме әлде байғыз ба?
Үнді естіп, жаным күңіренген.
Тауда түнде үн берген
Тәңірі болсаң, кел бермен,
Қолымды көкке жайғызба!
Тауда түнде үн берген
Тәңірі ме әлде байғыз ба?
«КЕЛЕШЕК», «КЕШЕ», «БҮГІН»
«Келешек» пенен «кеше»- анық,
«Бүгін» деген бір бу ғой.
Бұлт басқан бетін нұрланып,
«Келешек» деген күн анық.
Өткен «кеше» ұрланып,
Естен кетпес бір у ғой.
«Келешек» пенен «кеше» - анық,
«Бүгін» деген бір бу ғой.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: