Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қойшының әләуләйі)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қойшының әләуләйі)

Әләуләй,әләуләй, әләуләй!
Ылғи ет жеп жүреді елде болысың-ай.
Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім,
Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай.
Мына қолдың саласынан май тамар,
Ішіп болмай қымыз деген жай қалар.
Болыс болсам, арманым не, уа, шіркін!
Бірақ мына қойды кім бағар, кім бағар?
Әләуләй, әләуләй, әләуләй!
Сағиласы маған көзін салады-ай!
Heгe десең, мені түртіп қалады-ай,
Түрту түгіл, кейде нұқып «адыралай»,
Санымнан да шымшып-шымшып алады-ай!
Әләуләй,әләуләй, әләуләй!
Ой, қой, ой, қой, ой, бұзылған, соққан-ай,
Мына ісіңді егер білсе, бәлем, бай,
Екеумізді айдап шығар қосақтай,
Қой, бұзылған, қой, жолама, қой, ойбай!
Қой демекші, қойым қайда, Тәңір-ай?
Тапқан ба екен кебенегі тақыр жай?
Күннің көзі ысып кетті-ау, апырмай,
Қиын болды-ау ақсақ қойдай пақырға-ай!
Сағила бүгін тұщы қатық берсе егер,
Жарар еді-ау, апырмай, апырмай!
Шулай берме, Шопан ата, шәй, шей, шәй!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
магжан жумабаев Қойшының әләуләйі өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Қойшының әләуләйі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]