Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қайғылы сұлуға)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қайғылы сұлуға)

Көркің хор, періште еді сенің жаның,
Ойлаушы ең күні-түні көк аспанын.
Мінезін адамзаттың сынамаққа,
Мезгілді орын ғып ең бұл жалғанын.
Байқадың алыс-жақын тегіс жайын,
Жанашыр ата-ана һәм ыңғайын.
Көзі жоқ кеудесінде өңшең соқыр
Бір көрді сені адаммен қарапайым.
«Қара жер, көкті ойлама, орның,- деді,-
Қара тас мәңгі өлік құрбың,- деді.
Хайуандай бір қазыққа арқандай сап,-
Құр енді, жануарым, тұрдың»- деді,-
Көрдің ғой, жақынында қан болмады,
Қазаққа қыз арқандау таң болмады.
Жан-жаққа мұңды көзбен қарасаң да,
Сен үшін жанын қияр жан болмады.
Солма енді, жерлік емес, жұмақтық гүл,
Шекпе азап, жауыздардан енді құтыл.
Бере алмас саған баға өңшең өлік,
Көкке ұш, асылыңа қайт, періште бол!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
магжан жумабаев Қайғылы сұлуға өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Қайғылы сұлуға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]