Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Түн еді)
Түн еді. Көкте қаптап бұлт тұрды,
Жел жылап, долы дауыл ұлып тұрды.
Секіріп сары шаш шайтан, жындар билеп,
Әлдекім сылқ-сылқ қана күліп тұрды.
Жапан түз, отсыз, сусыз бетпақ шөлде,
Жын-шайтан мекен еткен тағы жерде
Жас бала. Жолдасым жоқ, жапа-жалғыз
Мен келе жаттым батып қанды терге.
Көзімнен жас ақпады - қандар ақты,
Табанды тілгіледі тастар қатты.
Қарқылдап қиқу салып қарға-кұзғын,
Жалпылдап жүрегімді шоқып жатты.
Шашымды жұлды әлдекім талдап-талдап,
Ыстық жас домалады көзден парлап.
Есіркеген жалғыз жан болды ма? Жоқ!
Жыладым жапан түзде жалғыз зарлап.
Әлдекім: «Тәйт! Шығарма үнің!-деді,-
Сен - бір мал, бір бес байтал - құның,- деді,-
Шоқысын қарға-құзғын жүрегіңді,
Тырп етпе, жылама да, күнім!-деді.-
Ойлама,- деді,- Күнді, сен - мал, күңсің,
Сексем де, соқсам-дағы шыда, көн сен.
Шыдамасаң, қарсы «ләм» деуші болма,
Тұншығып көз жасыңа көміл, өл сен!»-
Деді де сол әлдекім сылқ-сылқ күлді,
Сол күлу жүрегімді жүзге тілді.
Күйік кеулеп, жүрегім от боп жанды,
Жұбатуға сол кезде қайсың келді?!
Ашу кернеп, уланып, жанып іштен,
Жалынған бәріңе де мен емес пе ем?!
Сол уақыт: «Бас жақсысы - пәлен ат!»- деп,
Саудаласқан, ағекем, сен емес пе ең?
Сасық доңыз, жануар, жуан қарын,
Сататын малғаТәңірін, иман, арын,
Тастағандай боламын жүз тілгілеп,
Кеткенде қайнап, ойнап ыстық қаным.
Сүйетін еркелетіп әжем, атам,
«Өміріңше жыла!»- деп бердің батаң!..
Құшақтап қысып, күрсініп жылай бердің,
Сарғайған сорлы болып бейшара апам...
Қысты күні боранды ұзын кеште,
Сорлының қасірет-зары сыймай ішке,
«Уһ!» дегенде аузынан жалын шығып,
Отырушы ед қолына алып кесте.
Күрсініп, кестені алып тігуші еді,
Мөлдіретіп көз жасын төгуші еді.
Нәркес көз жасқа толып, шала шаншып,
Кестесін қайта тағы сөгуші еді...
Уф, Алла! Жан болды ма бізден мұңлық?!
Дариға! He көрмедік, не көрмедік?
Көргенше сонша қорлық, сонша зорлық,
У ішіп, отқа түсіп неге өлмедік?!
Өлмедік! Зар еңіредік, сабыр еттік,
Шашатын алтын сәуле таңды күттік.
Көп күттік, сөгілдік те, соғылдық та,
Сатылдықта, тілекке ақыр жеттік!
Мынау ту кімнің туы? Әйел туы!
Енді әйел азат ұшқан көлдің қуы.
Улаған жанымызды сансыз жылдар
Жойылды бүгінгі күн қасірет уы.
Анау таң кімнің таңы? Әйел таңы!
Бүгінгі күн шын азат әйел жаны.
Соқыр құрт, сасық доңыз, кет жолымнан,
Басар сені төгілген әйел қаны!
Жел жылап, долы дауыл ұлып тұрды.
Секіріп сары шаш шайтан, жындар билеп,
Әлдекім сылқ-сылқ қана күліп тұрды.
Жапан түз, отсыз, сусыз бетпақ шөлде,
Жын-шайтан мекен еткен тағы жерде
Жас бала. Жолдасым жоқ, жапа-жалғыз
Мен келе жаттым батып қанды терге.
Көзімнен жас ақпады - қандар ақты,
Табанды тілгіледі тастар қатты.
Қарқылдап қиқу салып қарға-кұзғын,
Жалпылдап жүрегімді шоқып жатты.
Шашымды жұлды әлдекім талдап-талдап,
Ыстық жас домалады көзден парлап.
Есіркеген жалғыз жан болды ма? Жоқ!
Жыладым жапан түзде жалғыз зарлап.
Әлдекім: «Тәйт! Шығарма үнің!-деді,-
Сен - бір мал, бір бес байтал - құның,- деді,-
Шоқысын қарға-құзғын жүрегіңді,
Тырп етпе, жылама да, күнім!-деді.-
Ойлама,- деді,- Күнді, сен - мал, күңсің,
Сексем де, соқсам-дағы шыда, көн сен.
Шыдамасаң, қарсы «ләм» деуші болма,
Тұншығып көз жасыңа көміл, өл сен!»-
Деді де сол әлдекім сылқ-сылқ күлді,
Сол күлу жүрегімді жүзге тілді.
Күйік кеулеп, жүрегім от боп жанды,
Жұбатуға сол кезде қайсың келді?!
Ашу кернеп, уланып, жанып іштен,
Жалынған бәріңе де мен емес пе ем?!
Сол уақыт: «Бас жақсысы - пәлен ат!»- деп,
Саудаласқан, ағекем, сен емес пе ең?
Сасық доңыз, жануар, жуан қарын,
Сататын малғаТәңірін, иман, арын,
Тастағандай боламын жүз тілгілеп,
Кеткенде қайнап, ойнап ыстық қаным.
Сүйетін еркелетіп әжем, атам,
«Өміріңше жыла!»- деп бердің батаң!..
Құшақтап қысып, күрсініп жылай бердің,
Сарғайған сорлы болып бейшара апам...
Қысты күні боранды ұзын кеште,
Сорлының қасірет-зары сыймай ішке,
«Уһ!» дегенде аузынан жалын шығып,
Отырушы ед қолына алып кесте.
Күрсініп, кестені алып тігуші еді,
Мөлдіретіп көз жасын төгуші еді.
Нәркес көз жасқа толып, шала шаншып,
Кестесін қайта тағы сөгуші еді...
Уф, Алла! Жан болды ма бізден мұңлық?!
Дариға! He көрмедік, не көрмедік?
Көргенше сонша қорлық, сонша зорлық,
У ішіп, отқа түсіп неге өлмедік?!
Өлмедік! Зар еңіредік, сабыр еттік,
Шашатын алтын сәуле таңды күттік.
Көп күттік, сөгілдік те, соғылдық та,
Сатылдықта, тілекке ақыр жеттік!
Мынау ту кімнің туы? Әйел туы!
Енді әйел азат ұшқан көлдің қуы.
Улаған жанымызды сансыз жылдар
Жойылды бүгінгі күн қасірет уы.
Анау таң кімнің таңы? Әйел таңы!
Бүгінгі күн шын азат әйел жаны.
Соқыр құрт, сасық доңыз, кет жолымнан,
Басар сені төгілген әйел қаны!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: